$ 494.87  520.65  4.91

Елімізден тыс жердегі мүліктер де заңдастырылатын болады

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қарашаға дейін жарияланған заңдастыруға елден шет жерлердегі мүлік те кіреді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, алда өтетін заңдастыру Қазақстан Республикасы аумағынан шет жерлердегі мүлікті заңдастыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, мүлікті заңдастыруда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай толтырылмаған немесе бөтен біреудің атына толтырылған және (немесе) табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан алынған мүлікке мемлекеттік құқықты мойындау рәсімдемесі жүргізіледі.

Осылайша, заңдастырылған капитал түріндегі экономикаға қосымша құралды енгізу көзделіп отыр. Қолға алынып отырған акция азаматтарға осы шараны орындауға және мүлікті заңды айналымға шығаруға мүмкіндік береді.

Ел ішінде мүлкі болған Қазақстанның кез келген азаматы заңдастыруға қатыса алады. Олар заңмен бекітілген тәртіппен мүліктерін заңдастыратын болады.

«Қазақстанда мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Заңдастыру үшін мүлікті (қаражаттан басқа) көрсетуге құжат тапсыру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары