Алматыда «Олимп» букмекерлік компаниясының салық органдарында тіркелмеген 21 кассасы әшкереленді, деп хбарлайды «Қазақпарат».
Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қалалық Салық департаменті тіркелмеген ойын бизнесі нысандарын тексеруді жалғастыруда. Тексеру нәтижесінде «Олимп» букмекерлік компаниясының салық органдарында тіркелмеген 21 кассасы заңсыз жұмыс істеп тұрғандығы анықталды. ҚР Салық кодексінің 585-587 бабына сәйкес компания басшылығына аталған кассаларды салықтық тіркеуге қойып, заңбұзушылықты жою туралы талап қойылды», делінген хабарламада.