4 жасар сәби бүгінде еріктілер қолында. Анасы қызын алу үшін ішімдік ішуді қойып, оны ұруын доғаруы керек. Бұл туралы ақпарат İnstagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandyтобында жарияланды.
Оқиға 17 маусым күні болған. Еріктілерге әйелдің көршілері xабарласқан. Куәгерлердің айтуынша, келіншек қызын сабап, айқайлап, былапыт сөздер айтқан.
Волонтерлер жедел-жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексерткен. Дәрігерлер сәбидің жағдайы орташа екенін айтқан.
Қыз баланы еріктілер 18 маусым күні полиция бөлімшесіне алып барды. Оның тағдырын енді құқық қорғаушылар мен анасы шешеді.