$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі медиаторлар Қазақстан халқы ассамблеясымен бірігіп дауларды реттейді

Жыл басынан бері Шымкенттегі кәсіби және кәсіби емес медиаторлар Қазақстан халқы ассамблеясымен бірігіп 100-ден аса дау-дамайды қараған. Тараптардың келісімімен 96 дау бітімгершілікпен біткен. Медиацияның көкжиегін кеңейту мақсатында сала мамандары бас қосты.

Оның құрамы Шымкент қалалық соты, азаматтық белсенділер, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің мүшелерінен құралады. ­Өңіріміздегі медиацияны дамыту жыл басынан бері жоспарланған. Атқарылған жұмыстар бойынша мамандар ұсыныстары мен пікірлерін алмасуда. Шымкент қаласы бойынша барлық мектептердің педагог-психологтарын осы медиация жүйесімен таныстырған. 157 педагог-психологқа арнайы сертификаттар табысталған. Сондай-ақ №57 мектепте медиация кабинеті ашылды. Алдағы уақытта 2019-2020 оқу жылынан бастап барлық мектептерде медиация кабинетінің жұмысын жүргізу жоспарлануда. Себебі әрбір елді мекендердегі дауларды басу, реттеу сол өңірлерде орналасқан медиаторларға байланысты. Бұл іс-шара бұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта кәсіби емес медиатор мамандары санын көбейту, дауды сотқа жеткізбей шешу көзделуде.

«Қазақстан халық ассамблеясы тарапынан бүгінгі уақытта мектеп медиациясы қызметінің жобасы дайындалып, оны енгізуді жоспарлап отырмыз. Кәсіби емес қоғамдық медиаторлардың да жұмысы бүгінде жүйелендіріліп, яғни Шымкент қалалық сотымен бірігіп, кәсіби емес медиаторлардың да біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылған болатын. Осыған орай кәсіби емес қоғамдық медиаторлардың да жұмысына байланысты бүгінгі таңда алдағы уақытта ардегерлер кеңесі мен біріктіруді көздеп отырмыз. Әрбір орамдарда, елді мекендерде кәсіби емес медиаторлардың жұмысы өте маңызды» дейді Шымкент қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің эксперт-медиаторы Дана Кенжеқұлова.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары