Арыс қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға, эвакуацияланған азаматтардың мүлкін күзетуге тартылды. Жалпы, жеке құрамның 463 қызметкері мен Ішкі істер министрлігі бөліністерінің 53 техникасы Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Мұның ішінде 193 қызметкер және 23 техника азаматтық қорғау органдарына тиесілі. Сондай-ақ 270 қызметкер мен 30 техника полиция бөліністерінен тартылған.
«Арыс қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін ҚР Ұлтық ұланының әскери бөлімінен 500 жауынгер жолданды.
Осы факті бойынша ІІМ-нің оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімі Қылмыстық кодекстің 462-бабының 1-бөлігі (қару, сондай-ақ басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркеді.
Барлық жағдай ішкі істер органдарының қадағалауында.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Арыс қаласында балалардың жоғалуы туралы ақпарат таралды. Бұл ақпарат тексерілуде. Оқиға орнынан көшірілгендердің орналасқан жерлерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырады. Ресми ақпараттарға ғана сүйену қажеттігін ескертеді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Қауырт желі» ашылған. Онда кез келген ақпаратты тәулік бойы алуға болады. Қауырт желі нөмірі 8 (7252) 44-94-72.
Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік.
Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады.
Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.
Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда.
Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Арыстағы жарылыс болған аумақтан 20 шақырым қашықтықта снаряд құлаған.
Әскеридің ата-анасымен жылап қоштасқан видеосы тарады.