$ 445.66  474.58  4.78

Алматылық жігіт бойжеткендерді кездесуге шақырып, телефондарын ұрлаған

Полиция хабарламасына сәйкес, алаяқ қарапайым үлгіде әрекет еткен, яғни, қыздармен танысып, серуендеуге шақырып, өзін өнегелі адам етіп көрсеткен.
Фото: Журнал Житомира
Фото: Журнал Житомира

Алматыда алаяқтық ісіне күдікті деп танылған 25 жастағы жігіт ұсталды. Ер азамат бойжеткендердің сеніміне кіріп, оларды тонаған деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ер азаматтың құрығына негізінде жас қыздардың түскені хабарланды. 

Полиция хабарламасына сәйкес, алаяқ қарапайым үлгіде әрекет еткен, яғни, қыздармен танысып, серуендеуге шақырып, өзін өнегелі адам етіп көрсеткен.

Серуендеу кезінде жігіт біреуге хабарласу үшін жаңа танысқан арудан ұялы телефонын сұраған. Ештеңеден күдіктенбеген бойжеткен телефонды еш саспастан бере салған.

Телефонмен сөйлескен кезде ер адам біртіндеп алыстап, кейіннен "кездесу орныннан" ұялы телефонмен бірге із-ғайым жоғалған.

Алданған жәбірленуші жаңа таныссыз және телефонынсыз бір орнында абдырап қалатын.

Кейін ер адам девайстың өзіне тиесілі екенін айтып, телефонды таныстарына сататын болған.

Осы орайда тәртіп сақшылары азаматтарға сақ болып, танымайтын жандарға өзінің мүлкін табыстамауды еске салады.

Қазіргі уақытта ер азамат құрықталды. Оған қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оның үш іске қатысы бары дәлелдеген, алайда полиция зардап шеккендердің саны одан да өсуі мүмкін екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары