$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент қаласының әкімі полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Қазақстан полициясына – 27 жыл» мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, милиция генерал-майоры Ж.Сұлтанов және Ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайлары қатысты.

Мұнда полиция саласына арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі түсірген полиция қызметкерлеріне арналған фильм көрсетілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің үздік полиция қызметкерлері марапатталып, шара соңы мерекелік концертке ұласты. Концерттік бағдарламада эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсетіп, ән шырқады.

Полиция қызметкерлерінен құралған әншілер мен эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті. Сондай-ақ №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері өнерін паш етіп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетовке арнауын оқып, төл мерекесімен құттықтады.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары