$ 494.87  520.65  4.91

«Теңіздегі» наразылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Төбелесті бастаған азаматтардың аты-жөні мен оларға қатысты ақпараттар анықталған.
Фото: Almaty.kz
Фото: Almaty.kz

29 маусым күні «Теңіз» вахталық ауылындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп xабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Төбелесті бастаған азаматтардың аты-жөні мен оларға қатысты ақпараттар анықталған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, 29 маусым күні Теңіз ваxталық аймағында «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары ливиялық Eli Daoud-тың Whatsapp-тағы суреті үшін соққыға жыққан.

Кейін блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек қыздарға «өзге ұлтқа етектеріңді ашқанша, жердің астына кіріп кетіңдер» деп әлеуметтік желідегі парақшасына пост жазған.

Артынша ливиялық азаматтың кешірім сұраған видеосы жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау #теңіз