$ 498.34  519.72  4.85

Сыбайластыққа жол бергендер жазасыз қалмайды

Шымкентте  мемлекеттік қызметші айыппұлдан түскен қаражатты иемденгісі келген.

ҚР Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жүргізген шұғыл іздестіру шаралар барысында  Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заң және салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің бас маманы Р.Адетбеков А.деген азаматтан 56 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

Р.Адетбеков А.деген азаматтың мемлекет бюджетіне бұрын төленген 113 400 теңге айыппұлды кері қайтарып беруге ықпал жасаймын деп, оның қызметіне аталған сомманың тең жартысын сұраған.

Оңай олжаға кенелгісі келген оның теріс пиғылы жүзеге аспады. Сыбайластық жөнінде ақпараттан құлағдар болған Департамент қызметкерлері оны пара алу үстінде ұстады. 

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №97 бұйрығына сәйкес, 2010-2014 жылдар аралығында төленбей қалған айыппұлдар мен айыпақылар есептен шығарылған болатын. Сондай-ақ, егер азаматтардың білмей төлеп қойған жағдайда,  қаражаттар кері қайтаруға жатады.

Қазіргі таңда, Р.Адетбековке қатысты ҚР ҚК 366 бабы 1 бөлігінде көрсетілген қылмысқа күдікті ретінде танылып, оған қатысты Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасының санкциясымен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды.

Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Департаментке 6 айдың көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлық санатына жататын 128 іс-құжаттар тіркелген болса, оның ішінде, «Пара алу» дерегі бойынша-32 іс қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары