$ 439.43  473.31  4.82

«Кішкентай ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған» - Айман Омарова

«Сарыағаш ауданындағы интернатта 13 жасар баланы бір жыл бойы зорлаған. Оны балалар «тесік» деп атаған. «Жығылғанға – жұдырық» деп, Түркістан облысының соты зорлаған баланы ақтап жіберген».

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында адвокат Айман Омарова сот жүйесіне өзгерістер қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnikке сілтеме жасап.

Ол бүгін Президенттің қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан Түркістан облысында зорланған 13 жасар баланың ісіне араласуды сұрады. Айтуынша, ол қазір зорланған 9 баланың ісін қарап жатыр. Осы орайда, кеңес мүшесі сол істердің бір-екеуін мысалға келтірді.

«Сарыағаш ауданындағы интернатта 13 жасар баланы бір жыл бойы зорлаған. Оны балалар «тесік» деп атаған. «Жығылғанға – жұдырық» деп, Түркістан облысының соты зорлаған баланы ақтап жіберген. Өйткені, интернатты жапқысы келмейді. Осы мәселеге көңіл аударуыңызды сұраймын», – деді Айман Омарова.

Сондай-ақ, адвокат Арқалық іргесіндегі шағын ауылда болған жаға ұстатарлық оқиғаны да айтып берді.

«Кішкентай ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған. Қазір ол іспен не болып жатқанын білмейміз. Ал қыз босанып алды. Полиция кінәлілерді қамаған да жоқ. Енді халықтың соңғы үміті – сот. Бәрі де сот әділетті болса екен деп ойлайды», – деді құқық қорғаушы.

Оның пікірінше, халықтың сот жүйесіне сенімі азайған, сондықтан бұл салаға өзгерістер қажет.

«Сотта тек адал, кәсіби мамандар отыруы керек», – деді кеңес мүшесі.
Бұдан бөлек, адвокаттың пікірінше, адам зорлау ісімен айналысатын арнайы департаменттер құру қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары