$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында терроризмге қарсы қауіпсіздігі осал нысандар анықталды

Әкімшілік жауапкершілікке 20 нысан басшысы тартылып, оларға қатысты 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал нысандарға қатысты үнемі тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері тұрақты негізде осы нысандардың қызметкерлерін тұрғын-жайларды тексеру техникасына оқытып, жарылыс құрылғыларын қалдырып кету мүмкін болатын орындарды анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруда. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» №416-І Заңының талаптарын сақтау мақсатында террористік тұрғыдан осал нысандардың басшыларын, бизнес өкілдерін шақыра отырып брифингтер өткізуде. Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және тиісінше орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке 20 нысан басшысы тартылып, оларға қатысты 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары