$ 498.34  519.72  4.85

«Көлігінің айнасы жоғалмаған»: полиция жалған ақпарат таратқан кәсіпкердің үстінен іс қозғауда

«Шәріпов БАҚ-ты және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдаланып, жалған ақпаратты таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша іс қозғалды».

Алматы қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желіде көлік айналарының ұрланғанын жазған кәсіпкер Ұлықбек Шәріповке жауап беріп, үстінен із қозғады, деп хабарлайды Stan.kz.

Танымал кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов Instagram желісіндегі парақшасында көлігінің айналары ұрланғанын жазып, темір тұлпардың айнасын ұрлайтындар қанша ақша табатынын есептеп, жазба қалдырған еді. Қала полициясы оның өтінішіне жауап берді.

«Ұ. Шәріповпен жүргізген келіссөздер барысында азаматтың шетелде жүргені анықталды. Ешқандай ұрлық жасалмаған. Ол жазбасында танысының басынан өткен фактіні суреттеген. Біз сол адаммен байланысқа шықтық. Ол 11 қыркүйекке қараған түні кафелердің біріне тиесілі тұрақта көлігінің бір айнасын ұрлап кеткенін растады. Бірақ ол туралы полцияға хабарлауды жөн көрмепті. Осылай Шәріпов жазбасында бұрыс ақпарат беріп, қоғамды әдейі шатастырды. Сонымен қатар, ол жазбасында күмән тудыртатын статисканы көрсетті. Есептеулер тек субъективті көзқараспен жазылған. Әлеуметтік желіде объективті ақпарат қана таралуы тиіс. Шәріпов БАҚ-ты және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдаланып, жалған ақпаратты таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің жетекшісі Серік Күдебаев.

Сондай-ақ департамент басышысы Алматыда қылмыс деңгейінің азайғанын түсіндірді.

«Жасалатын қылмыстың 72 пайызы – адамның мүлкін тонау. Біз ұрлықтың алдын-алуға және оларды анықтауға ерекше көңіл бөлеміз. Жаяу патрульдеуді максималды бағыттадық, видеобақылау камерасының санын арттырдық, арнайы нақтыланған және жергілікті өтеулерді жүзеге асырамыз. Қалада сегіз айдың ішінде біреудің мүлкін ұрлау 8 пайызға төмендеді. Аса ауыр қылмыстарды анықтау 35,7 пайызға артты», – деді Күдебаев.

Қалада сегіз айдың ішінде пәтер тонау 2,1 есе, ұялы телефондарды ұрлау 2 есе, қалта ұрлықтары 35,9 пайызға, көлік салонынан ұрлау 2,1 есе, көлік айналарын ұрлау 4,2 есе, түсті және қара металдарды ұрлау 25,3 есе төмендеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары