$ 494.87  520.65  4.91

1,2 миллиард теңге: Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына осынша қаржы өндірілді

«Сот үкімінің әрі қарай орындалуы бақылауда», – деп сендірді прокуратура.
фото: caravan.kz
фото: caravan.kz

Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,2 миллиард теңге өндірілді, деп хабарлайды Stan.kz, Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті. Басқарма біраз уақытқа дейін сотталушының кейбір активтерін мемлекет пайдасына айналдыру мүмкін емес болғанын атап өтті. Алайда, прокуратура араласқаннан кейін мемлекеттік сот орындаушысы мүлікке баға беріп, сот шешімімен оларды мемлекет кірісіне өткізді.

«Сот үкімінің әрі қарай орындалуы бақылауда», – деп сендірді прокуратура.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешов 2016 жылы 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. ҰҚК мәліметінше, ол Қазақстандағы билікті мәжбүрлеп құлату жоспарын құрған. 2016 жылдың қараша айында Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот сотталушының мүлкін, ондаған көліктер, үйлер, жер, ақша және зергерлік бұйымдарын мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары