$ 494.87  520.65  4.91

Ұрғашы малды шекарадан алып шығуға тыйым салынды

Ресми бұйрық жарияланған алғашқы күнінен кейін 10 күн өткенде күшіне енеді.
фото: caravan.kz
фото: caravan.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі 2019 жылғы 10 қазанында «Ауылшаруашылық жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл құжатқа сәйкес, Қазақстан территориясынан тірі ірі қара малды, атап айтқанда, бір жасқа дейінгі аналық бұзауды, бір жастан асқан ұрғашы бұзауды, сиырды, қойды және тірі ешкі мен қошқарларды (ешкі мен лақтарды) Қазақстан Республикасынан алып шығуға алты айға тыйым салынды.

Бірлескен бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін 10 күн өткен соң (11 қазан) күшіне енеді.
ыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жаңа заң