Павлодарда такси жүргізушісі дәрігерді зорлаған. Бұл туралы толығырақ Дина Смаилова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«2018 жылдың 1 маусымынан 2-сіне қараған түні әпкесі мен інісі көңіл көтеру кешінен шығады. Такси жүргізушісі алдымен інісін үйіне жеткізеді. Кейін дәрігерді апарар жолда бір жерге тоқтап, дереу артқа отырып, есіктерді кілттеп, зорлап тастайды. Сосын қолындағы iphone маркалы телефонын тартып алып, қызды есіктен сыртқа итеріп жібереді.
Жәбірленуші басын көтеріп, телефонын беруін сұрағанда көлік жүріп кетеді.
Дәрігер полицияға арызданып, күдіктіні оның телефонындағы айклауды арқылы табады.
Такси жүигізушісі алдымен мойындамай, кейін болған іске қатысы барын айтып, кешірім сұрайды.
Біршама уақыт өткен соң жәбірленуші мен құрбысы күдіктімен кездеседі. Олар бұл кездесуді видеоға түсіріп алады. Ол қыздарға 2 баласы барын, 100 мың теңге ғана бере алатынын айтады. Құрбысы қатты ашуланып, уайымнан 3 күн ұйықтай алмағанын жеткізеді. Осы кезде күдікті «бәрібір қыз емес едің ғой» деп қойып қалады.
Не керек қыздың үйін аңдушылар көбейеді, жан жақтан қысымдар болады. Бір күні ер адаммен жұмысының алдына күдіктінің өзі келеді. Әйелімен ажырасқалы жатқанын, кешірім беруін өтінеді. Осылай да осылай қызға тыныштық бермейді.
3 қыркүйекте жәбірленушіні тағы бөлімшеге кездесуге шақырады. Ол кезде күдікті мүлде басқаша сайрайды. Екеуеара келісілген қатынас болғанын және бірге ішімдік ішкенін айтады.
Кейін бұл істің өткен күн ретімен тып-тыныш жабылып кеткені белгілі болады. Яғни іс 2019 жылдың 17 тамызында басталып, 20 тамызында жабылған.
Осы істі Қауіпсіздік қызметі басқармасы, жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы қадағаласын», - деп жазды ол.