$ 494.87  520.65  4.91

2 млн теңге: Атырауда ҰҚК қызметкеріне пара берген Қытай азаматтары ұсталды (ВИДЕО)

Алдағы уақытта да Қытай азаматтарына қамқорлық жасағаны үшін айына 200 мың теңге сыйақы беріп тұруға ұсыныс жасаған.

Атырау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне пара бермек болған Қытай азаматтары ұсталды, деп хабарлайды «Жас Алаш», ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 19 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Атырау облыстық департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҰҚК қызметкеріне 2 миллион теңге пара беру барысында екі Қытай азаматын ұстап, тергеу изоляторына қамады», - делінген ведомства таратқан мәлімдемеде.

ҰҚК мәліметінше, пара Атырау аумағында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматының ісін сотта жағымды жағынан көрсету үшін берілген. Бұдан бөлек, шетелдіктер ҰҚК қызметкеріне алдағы уақытта да Қытай азаматтарына қамқорлық жасағаны үшін айына 200 мың теңге сыйақы беріп тұруға ұсыныс жасаған.

Ұсталған азаматтар өз кінәларын мойындаған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰҚК #Қытай #пара