$ 498.34  519.72  4.85

Лауазымды шенеуніктер Қазақстанға 13 мың шетелдікті заңсыз кіргізген

Қытайларға заңсыз виза рәсімдеп, еш кедергісіз елге кіргізген Сыртқы Істер министрлігінің лауазымды шенеуніктері ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа Алматыдағы консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары жетекшілік еткен. Оның бұл істегі оң қолы экс-депутаттың кәсіпкер қызы болып шықты. Құлқыны кең дипломаттар осы аралықта Қазақстанға 13 мың шетелдікті кіргізген.

«Төлқұжатына заңсыз виза соғылып елімізге ентелегендердің көбі Қытай азаматтары. Қытайлықтарды лег-легімен жеткізумен Айгүл Қоңырбаева есімді кәсіпкер айналысыпты. Сөйтіп ұйымдасқан қылмыстық топ 3 жылдың ішінде 240 миллион теңге параны қалтаға басқан», делінген телеарна сюжетінде.

Бұл бизнестеріне Қырғызстан, Грузия мен Моңғолиядағы консулдық қызметкерлерін қосып, ауызбастырықты өзара бөліске салған. Істің басы-қасында жүрген Алматыдағы консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары 39 жастағы Қайсар Арқабаевтың дүние мүлкі тәркіленіп, 12 жылға абақтыға жабылды.

Қалған сыбайласары да алдағы 10 жылда бостандық көрмейді. Жеңіл жаза алып, 5 жылға сотталған кәсіпкер әрі экс-депутаттың қызы балалары кәмелет жасына жеткен соң ғана жазасын өтейтін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары