$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жыныстық құлдыққа түскен келіншек босатылды

Алматы қаласы полициясы мәжбүрлі түрде жыныстық қызмет көрсетіп келген 22 жасар ОҚО-ның тумасын босатты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей, «Айнабұлақ» шағынауданындағы үйлердің бірінде жеңгетай келіншекті 2 апта бойы қорқытып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлеп келген.

― Алматыға оны әйел алдап шақыртқан. Кейін бар ақшасын, алтын бұйымдарын иемденіп, жыныстық құлдықта ұстаған. Айтқанына бағынбаған кездері денесін кескілеп, электр сымымен батареяға таңып тастайтын болған, ― деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.

Осы уақыт аралығында жоғалып кеткен келіншекті ата-анасы, екі баласы, туған-туыстары іздестіргенімен хабарын біле алмаған.

Қазір 22 жасар әйел басынан өткен оқиға жөнінде түсініктеме беруде.

―Жеңгетай уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қарсы ҚР ҚК бірнеше бабы: адамды бас бостандығынан айыру, еркінен тыс жезөкшелікке тарту, тонау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл келіншектің тепкісіне түскен тағы бір бойжеткен полицияға хабарласты, ― деді Т. Назанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары