$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында қабанды көлікпен басып, күрекпен ұрып өлтіргендер ұсталды (ВИДЕО)

Видео Алға ауданының аумағында түсірілген. Екі күдікті кінәсін мойындады.

Бүгін ақтөбелік полицейлер қала сыртында жабайы қабанға асқан қатыгездік жасап, оны бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысының табиғатты қорғау полициясы әлеуметтік желіге мониторинг жасап, «Лада-21214» көлігімен жабайы жануарды соғып, күрекпен қатты ұрып өлтіргендерді анықтады.

Видео Алға ауданының аумағында түсірілген. Екі күдікті кінәсін мойындады. Олар Алға қаласынан шамамен 25 шақырым жерде жабайы жануарды қағып, жол жиегіне қарай қашқан оны көлікпен қуып жетіп, күрекпен өлтіргенін айтты», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Аңшыларға» қарсы Қылмыстық кодекстің «Заңсыз аң аулау және жануарларға қатыгез қарау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Айта кетсек, екі жігіт ол видеоны Youtube арнасына кеше жүктеген болатын. Оны бір күнде 150-ден астам адам көріп үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары