$ 494.87  520.65  4.91

Темірбанкті тонағандар 7 жылға сотталды

Алматыда Темірбанктен 37 млн теңгені қолды етті деп айыпталған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бостандық аудандық сотының судьясы банктің қауіпсіздік қызметінің 37 жастағы маманы мен оның 32 жастағы жерлесін «Ірі көлемде өзгенің мүлкін ұрлау» бабы бойынша айыпты деп тауып, әрқайсысын 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сот шешімі бойынша олардың мүлкі тәркіленетін болды.

Еске сала кетсек, 2013 жылы қазанда белгісіз біреулер «Темірбанк» ғимаратының бірінші қабатындағы есептік бөлмесінің есігін бұзып кіріп, 37 млн. 200 мың теңгені қолды еткен болатын. Аталған дерек бойынша полиция екі азаматты күдікті ретінде ұстаған еді. Екеуі де Жамбыл облысы, Шу ауданының тумасы болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары