$ 443.85  474.3  4.8

Шетелдік нөмірмен жүрген атыраулық жүргізуші жол ережесін 65 рет бұзған

Салдарынан, есепте жоқ көліктің қайда екені анықталғанға дейін 800 мың теңгенің қомақты айыппұлы жиналып қалды.

Атырауда шетелдік нөмір таққан көліктің жүргізушісі 65 мәрте жол қозғалысы ережесін бұзған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырауда орнатылған «Интер Цептер» жүйесі 2019 жылы Армения Республикасының нөмірін таққан Toyota Camry көлігі 65 рет ереже бұзғанын тіркеді. 30 жастағы Атырау тұрғыны жылдамдықты асырып, «стоп сызығын» кесіп өткен. Салдарынан, есепте жоқ көліктің қайда екені анықталғанға дейін 800 мың теңгенің қомақты айыппұлы жиналып қалды», - деп мәлімдеді департаменттен.

Ведомствоның ақпаратынша, өткен жылы облыс орталығының өзінде шетелдік нөмірмен жүрген 35 мыңға жуық көлік жол ережесін бұзған. Олардың иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Жалпы, «Жолдағы қабылдау» акциясының бірінші күні шетелдік нөмірі бар көлік мінген 129 атыраулық ақыл-кеңес алу үшін полицияға жүгінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары