$ 444.22  476.38  4.82

ШҚО-да шіркеуден «Иисус Христостың дүниеге келуі» картинасы ұрланды

Көкпекті ауданының полицейлері бұл ерекше ұрлықты әшкереледі. Ол 29 жастағы ұры болып шықты.

Шығыс Қазақстан облысында «Иисус Христостың дүниеге келуі» («Рождение Христа») картинасын шіркеуден ұрлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көкпекті ауданының полицейлері бұл ерекше ұрлықты әшкереледі. Ол 29 жастағы ұры болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, 2020 жылдың 14 қаңтарынан 15 қаңтарына қараған түні күдікті Көкпекті ауданы Самара ауылында орналасқан шіркеу аумағына көрінбей кіріп, құны 250 мың теңге тұратын көркем кескіндемені заңсыз иемденген» делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай айғақтар тәркіленіп, қайтарылды», - деді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары