$ 490.84  536.88  5.04

Алматыда 200 млн теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді

Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Жетісу көлік прокуратурасы аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанданың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

«D» ЖШС-індегі декларацияға жалған мәліметтерді көрсету арқылы ҚХР-дан Қазақстан аумағына 198,8 млн теңгеге көлік құралдарының салмағы 156 тонна қосалқы бөлшектерін алып кірмекші болғандар анықталды.

Аталған факті көлік прокуратурасында тіркеліп, құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Онда Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

21 қаңтарда Алматы қаласы Түркісіб аудандық сотында С есімді азаматқа қатысты іс келісімдік іс жүргізуде қаралып, аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 500 АЕК (3,7 млнтеңге) көлемінде қылмыстық айыппұл салынды.

Жалпы сомасы 198,8 млн теңгеге контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары