Өткен жылы қылмыстың ең жоғары деңгейі еліміздегі экономикасы белсенді дамып жатқан аймақтарда белгіленген. Қылмыс көп жасалған аймақтар көшінде Алматы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр, деп хабарлайды baq.kz.
ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында елімізде 230 мың қылмыс жасалған. Оның 53%-ы немесе 123 мыңы – осы бес өңірге тиесілі.
Бұл рейтингтің басында Алматы қаласы тұр. Еліміздегі әр бесінші қылмыс осы қалада тіркелген. Жалпы, Алматыда 50 мың қылмыс тіркеліпті, оның 33 мыңы – ұрлық, 10,7 мыңы – тонаушылық.
Екінші орында Алматы облысы тұр, онда 21 мың қылмыс тіркелген. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы – 18 мың, ШҚО – 17 мың, Қарағанды облысында 15 мың қылмыс тіркелген. Ең жайлы өңір Маңғыстау облысы болған. Онда 4 мың қылмыс тіркелсе, Қызылорда облысында – 5 мың, Атырау облысында – 6 мың.
Заң бұзу бойынша алғашқы орында ұрлық тұр – 130 мың жағдай тіркелген. Екінші орында – тонау, үшінші орында – экономикалық қылмыстар (1 мың жағдай).