$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайда 21 қызды мәжбүрлі түрде жезөкшелікке жеккен қылмыстық топ ұсталды

Сот үкімімен Денис Шакмаев 15 жылға, қалғандары 14 жылға бас бостандықтарынан айрылды.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Қостанайда жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер жазаға тартылды. Бірнеше бап бойынша айыпталған олар 14-15 жылға сотталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Ұйымдасқан топ 5 жыл бойы 21 бойжеткенді секс-құлдықта ұстаған. Жәбірленушілердің арасында жетім қыздар да бар.

Ағайын-туыс 6 адамды Денис Шакмаев басқарған. Арасында Кристина Аскарова деген әйел де бар. Ұйымдасқан топ қылмыстық жоспарын 2013 жылдан бастап жүзеге асыра бастаған. Түрлі жолмен материалдық жағдайы төмен қыздарды арбауына түсіріп келген. Бастапқыда бойжеткендерді кафеге шақырып, ішімдік ішкізіп, кейін пәтерге апарып, қорқытып-үркітіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген.

«Шакмаев және топ мүшелері бір-бірімен туыс-жекжат. Олар олжаға кенелу мақсатында осындай қылмыс жасауға уағдаласқан. Діттеген мақсатқа жету үшін бойжеткендерді пәтеріне алдап апарып, заңсыз бас бостандығынан айырып, арам ойларын жүзеге асырған», -дейді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының судьясы Жасұлан Асылбеков.

Қылмыстық топ құрыққа іліккен қыздарды әуелі өз еркімен жезөкшелікпен айналысуға көндірген. Көнбегендерін ұрып-соғып, мәжбүрлепті. Қашпақ болғандарды қатаң жазалаған. Ұйымдасқан топ 2018 жылы ұсталды. Жабық түрде қаралған сот процессі 7 айға созылды. Судья олардың бір-біріне туыс екенін мәлімдеді.

Сот үкімімен Денис Шакмаев 15 жылға, қалғандары 14 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Енді сотталғандардың бесеуі жаза мерзімін қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде өтейтін болады. Сот Владислав Киструганы рецидивист деп таныды. Ол жазасын төтенше қауіпсіз колонияда өтейді. Ал адвокаттары аппелияциялық шағым түстіретінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары