$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде терроризмді моншада отырып алып насихаттағандар сотталды

Жуынуға барған өзге ер адам олардың әңгімесін тыңдап, күдіктеніп, барлығын жазып алған. Тергеу барысы үшеуін терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тапты.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған үш адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№2 Ақтөбе қалалық сотында сотталушылар Бағдат Бисенбаев, Әділжан Дәулетов және Ерсайын Құлынтайға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың 16 наурызында үшеуі моншада отырып, тыйым салған тақырыпта сөз қозғаған. Діни ағымдар туралы ашық айтып, өз ойларын білдірген. Жуынуға барған өзге ер адам олардың әңгімесін тыңдап, күдіктеніп, барлығын жазып алған. Тергеу барысы үшеуін терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тапты.

Сотталушы Бағдат Бисенбаев, Әділжан Дәулетовтер кінәсін бірден мойындаған. Үшеуінің де тұрақты жұмысы жоқ. Ал Ерсайын Құлынтай бұған дейін де істі болған.

Айта кетейік, 2019 жылдың 11 сәуірінде Әділжан Дәулетов пен Ерсайын Құлынтай өз ісін жалғастырып, 3 шілде күні Ресейге, әрі қарай Сирияға жолға шыққанда ұсталды. Сонымен қатар, екеуінен де ескірткі заты тәркіленді.

«Бағдат Бисенбаев, Әділжан Дәулетов, Ерсайын Құлынтай Қылмыстық кодекстің «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру», «Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу», «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» баптары бойынша айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін. Жазасын өтеу мерзімі қамауға алынған күннен бастап есептеледі», - деді №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары