$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да жемқор шенеуніктерден 108 миллион теңгеге жуық айыппұл өндіріп алынды

Бір адамға салынған айыппұлдың ең көп мөлшері – 27 миллион теңге.

2019 жылы ШҚО сотында сыбайлас жемқорлық бойынша 76 адамның 66 қылмыстық ісі қаралған екен. Оларға салынған айыппұл көлемінің жалпы сомасы 107 700 000 теңгені құрады, деп хабарлайды Altaynews.

76 айыпталушының 24-іне жаза ретінде айыппұл салынған. Бір адамға салынған айыппұлдың ең көп мөлшері – 27 миллион теңге.

Салынған айыппұлдар 100 пайыз толық төленіпті. Бір айдың ішінде төленбеген жағдайда сот үкімі қайта қаралып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады екен.

Жуықта облыстық басқармалардың бірінің басшысы сыбайлас жемқорлық бабы бойынша сотқа тартылған еді. Оған 40 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары