$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК Тараз, Қарағанды қалаларында теракт жасамақ болған діни ағым өкілдерін тұтқындады

Олардың бәрі – бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар.

Қарағанды мен Тараз қалаларында терроризм жасамақ болып құрылған деген күдікпен бес діни ағым өкілін ұстады. Ұстау операциясы 27 қаңтарда жүргізілген. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі бүгін хабарлады, деп жазады malim.kz.

«2020 жылы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады. Олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Олардың бәрі – бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар», – делінген ақпаратта.

Ұсталғандар адамдар көп жүретін жерлерде теракт жасамақ болған көрінеді. ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни «Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу», сондай-ақ, 256-бап, яғни «Терроризмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Деструктивті діни ағым өкілдерін тергеу ісі жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары