$ 494.87  520.65  4.91

Әбілязов соты: мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысын екі сағаттай оқыды

Тыңдаудан кейін сот келесі отырысты осы жылдың 10 ақпанына ауыстыру туралы қаулы шығарды. Бұл уақыт тараптардың өз дәлелін, куәгерлік түсініктерін және іске қатысты өзге де материалдарды әкелуі үшін беріліп отыр.

Мәскеу қаласының Таган аудандық соты қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әбілязовке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық іс бойынша сондай-ақ сыбайлас ретіндегі РФ-дан кетіп қалған төрт азамат - И.В. Кононко, Т.Н. Параскевич, А.В. Ерещенко және А.А. Удовенконың ісі қаралуда. Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысын 1 сағат 40 минут оқыды.

Айыптау тарапының мәліметінше, М. Әбілязов құрған ұйымдасқан қылмыстық топ «БТА Банкі» АҚ-тың ақшасын ұрлау ісімен айналысқан. Бірнеше эпизод бойынша негізгі схема – қазақстандық банктің шоты есебінен жалған заңды тұлғаларды несиелеу болып отыр. Олардың ішінде ірі жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің әртүрлі нысандарын алуға, көлік-логистикалық орталықтардың, сауда-ойын-сауық және қонақүй кешендерінің құрылысын жүргізуге қатысты фактілер бар.

«Осылайша, Мұхтар Әбілязовқа РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы 4-бөлігі (алаяқтық), 174-бабы 3-бөлігі (басқа адамның атынан қылмыстық жолмен ақшаны жымқыру), 201-бабы 2-бөлігі (қызметін теріс пайдалану), 165-бабы 2-бөлігі а, б тармақтары бойынша (Алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік зиян келтіру) 9 қылмысқа қатысты айып тағылып отыр», - деді мемлекеттік айыптаушы.

Тыңдаудан кейін сот келесі отырысты осы жылдың 10 ақпанына ауыстыру туралы қаулы шығарды. Бұл уақыт тараптардың өз дәлелін, куәгерлік түсініктерін және іске қатысты өзге де материалдарды әкелуі үшін беріліп отыр.

Мұхтар Әбілязовтың қорғауын мемлекет атынан адвокат жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, процеске Мәскеу қаласы адвокаттық кеңсесінің өкілдері қатысуда. БТА Банкі – зардап шеккендердің мүддесін де ресейлік адвокаттар қорғауда. Айта кетсек, 2018 жылдың наурызында ҚР Бас прокуратурасының өкілдері ОКҚ-да Мұхтар Әбілязовқа қатысты мәлімдеме жасап, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйым деп танылғанын жариялаған еді.

«Бас прокуратура сот шешімімен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әрекетіне қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қатысу әрекетіне, қозғалыстың идеясын насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын және пікірлерін, басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады.

Сонымен қатар, қатысу болып қозғалысты және оның басшысы Әбілязовты қолдауға митингтерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу саналады. Қаржыландыру ұғымына Әбілязовпен қозғалысқа ақшаны, өзге мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызметтерді көрсету жатады.

Ал істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады» делінген мәлімдеме.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары