$ 498.51  522.84  4.81

2,5 млн теңге: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қызылға бітірген түлегін сотқа берді

«Жолдама 2018 жылдың шілдесінде жазылған. Мен физикалық тұрғыда ол жерде болуым мүмкін емес. Менің қолтаңбам жоқ, сондықтан ол маған тиесілі емес. Менің қолым қойылған және аты-жөнімнің инициалы жазылған құжат бар. Бірақ алғашқы әрпінен соңғы нүктесіне дейін менің жазуым емес», - дейді Регина.
Фото: Рамблер/новости
Фото: Рамблер/новости

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті грантқа оқыған түлегін мамандығы бойынша жұмыс істемегені үшін сотқа берді. Регина Турдиева мемлекетке екі жарым миллион теңге төлеуі керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Регина Турдиева қазіргі уақытта Алматыда тұрады. Ол өзінің қиын жағдайға тап болғанын Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Университетпен жасалған келісім-шартқа сәйкес, Регина гранттың өтеуін қайтару мақсатында, оқу бітірген соң, мамандық бойынша 3 жыл қызмет етуі керек. Бірақ ол ЖОО бітіре салысымен тұрмысқа шығып, сәбилі болды.

"Мен топ кураторымен байланысқа шыққан болатынмын. Ол "баланың туу туралы куәлігін өткізсең болғаны, әрі қарай сені ешкім мазаламайды" деген. Мен тиісті құжаттарды өткіздім. Олар енді жұмысқа тұру туралы уайымдамауға болатынын айтты", - дейді Регина.

Осыдан 2 ай өткенде балалы келіншек сотқа шақырту алыпты. Сөйтсе, ол құжатты комиссия мүшелеріне ертерек тапсыруы керек екен. 

«Түлектер комиссияға жүктілікке тіркелгендігі туралы анықтама беруі керек еді, комиссия бір жыл бойы жұмыс істейді», - деді ЕҰУ-нің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Шолпан Ахметова.

Нәтижесінде, сот ЕҰУ түлегін мемлекетке грантқа оқып алып, жұмыс істемегені үшін 2,5 млн теңгемен қоса үстемесін төлеуге міндеттеді.

«Турдиева 2018 жылдың жазында Ақмола облысы Зеренді ауданындағы жұмыспен қамту орталығына  жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жіберілді. Алайда, 2018 жылдың қазан айында Регина Турдиева жұмыспен қамту орталығының жұмыссыздар тізіміне енгізілмегені анықталды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынов.

Келіншек сотқа жіберілген құжаттармен таныспақ болады. Бірақ ол өзіне қатысы жоқ жұмыспен қамту орталығына жолдамаға көзі түседі. 

Ол жерде түлек жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жолдама алыпты-мыс.

«Жолдама 2018 жылдың шілдесінде жазылған. Мен физикалық тұрғыда ол жерде болуым мүмкін емес. Менің қолтаңбам жоқ, сондықтан ол маған тиесілі емес. Менің қолым қойылған және аты-жөнімнің инициалы жазылған құжат бар. Бірақ алғашқы әрпінен соңғы нүктесіне дейін менің жазуым емес», - дейді Регина.

Қолтаңбаны анықтайтын мекеме әйелдің ұсынысынан бас тартыпты және оған тиесілі қаражатты 10 күн ішінде төлеу міндеттелді. 

7 ақпан - соңғы күн. Ал қыздың анасы ақшаны грант өтемін жабу үшін емес, мықты заңгер жалдау үшін жинап жатқан көрінеді. 

 

ЕҰУ түлегі сотта өз құқығын қорғауды жалғастыруға ниетті. Ол баласының кереуетін сатуға шығаруға мәжбүр болды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары