$ 494.87  520.65  4.91

«Хабарларға жағымсыз пікір қосып отырған»: ІІМ өкілі қақтығысқа басты арандатушыны ұстағандарын айтты

Оның айтуынша, қазір полицейлер қақтығысқа қатысқан әр адамнан бұл жанжалға қандай себеппен араласқанын білу үшін жеке-жеке әңгімелесіп жатыр.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Жамбыл облысының Масаншы ауылындағы кикілжіңнің жаппай төбелеске ұласып кетуіне себепші болған басты арандатушының анықталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Хабар таратқан арандатушыны анықтадық. Ең қорқыныштысы, ол хабарларға жағымсыз пікір қосып отырған. Бұл жастардың жаппай бас көтеруіне себеп болды», – деді Калайчиди ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір полицейлер қақтығысқа қатысқан әр адамнан бұл жанжалға қандай себеппен араласқанын білу үшін жеке-жеке әңгімелесіп жатыр.

«Біз бір ғана адамның айтқанын негізге ала алмаймыз. Себебі, қақтығысқа бірнеше ауыл қатысты. Біз осы қақтығысқа қатысқан барлық адамнан пікір алып, сұрастырып, фактілер базасын жинап, оған баға беріп, талдау жасауымыз қажет.

Осыдан кейін әрбір адамның бұл қақтығысқа қатысу дәрежесін және рөлін белгілеу керек. Сол кезде әрбір адам бойынша ол сол жерде не үшін болғанын айта аламыз», – деп атап өтті Ішкі істер министрінің орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары