$ 514.65  544.6  5.17

Теңіздегі жаппай төбелеске қатысқан азаматқа сот үкімі шықты

Сотта бригадир өзінің кінәсіздігін айтып, тағылған айыпты мойындамады. Бірақ, сот оны бұзақылыққа кінәлі деп тауып, 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға үкім шығарды.
фото: vesti.kg
фото: vesti.kg

Атырау облысында теңіздегі жаппай тәртіпсіздікке қатысушы сотталып, қоғамдық жұмыстарға міндеттелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

Істі «Бұзақылық» бабы бойынша тергеді. Сот алдында бір адам – Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон кентінде тұратын ССЕР ЖШС-нің 26 жастағы бригадирі болды. Ол автобус аялдамасында басқа жұмысшылармен бірге екі шетелдікті соққыға жықты деп айыпталды. Ал өзге құрылысшылар қорғаныш маскалары мен каскалар киіп жүргендіктен, барлық қатысушылардың жеке басын анықтау мүмкін болмаған.

Сотта бригадир өзінің кінәсіздігін айтып, тағылған айыпты мойындамады. Бірақ, сот оны бұзақылыққа кінәлі деп тауып, 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға үкім шығарды.

«Оған бұлтартпау шарасы 2019 жылғы 2 шілдеден 4 шілдеге дейін «күзетпен ұстау», ал 2019 жылғы 4 шілдеден 4 желтоқсанға дейін «үйде қамауда ұстау» түрінде қолданылуына байланысты, ҚК-нің 62-бабы 3,4-тармақтары негізінде тағайындалған жаза – 300 сағат қоғамдық жұмыс өтелді деп есептеледі» деп хабарланды Атырау облыстық сотында.

Ал Атырау облысының Полиция департаменті теңіздегі тәртіпсіздіктер салдарынан 44 адам медициналық көмекке жүгінгенін атап өтті. Олардың 38-і – шетелдік, қалғандары – Қазақстан азаматтары.

Еске сала кетсек, 29 маусымда Теңіз вахталық кентінде жаппай төбелес болған. Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.А.L Offshore компаниясының жұмысшылары Ливия азаматы Eli Daoud-тің WhatsApp профиліне қойған фотосуретіне наразылық білдірген. Суретте қыз және қолында рация бар Eli Daoud өзі бейнеленген, оның антеннасы қызға бағытталған. Кейін шетелдік фотосурет үшін кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары