$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жерлестерін заңсыз жинап алған қытай айыппұл төлеп, елден қуылды

Инвестор ретінде келген Қытай азаматы Шымкенттегі индустриялдық аймақта металл өңдеу зауытын ашпақ болады. Бірақ, ол құрылысты жүргізуде өз отандастарына ғана сенген сияқты.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Шымкентте заңсыз жолмен жайбарақат жұмыс істеп келген қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты. Судья Қытайдың 31 азаматын елден шығаруды жөн деп тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұларды жұмысқа тартқан кәсіпорын басшыларына миллиондап айыппұл салынып, олар да қытайлық болғандықтан елден қуылды.

«Сот үкімімен Чжу Цзян Баоға айлық көрсеткіш 2500 еселенген, яғни 6 миллион 125 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар, ҚР аумағынан шығарылып, 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынған», - дейді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Инвестор ретінде келген Қытай азаматы Шымкенттегі индустриялдық аймақта металл өңдеу зауытын ашпақ болады. Бірақ, ол құрылысты жүргізуде өз отандастарына ғана сенген сияқты. Сөйтіп, 2018 жылы Алматының әуежайы арқылы 31 қытайды алдыртқан.

Тағы оқи отырыңыз: «Құдайсыз адамдар бар»: Қордай оқиғасына байланысты Баян Мақсатқызы да «әу» деп қалды

Бірнеше күнге келгендей болған олар ары қарай Шымкентке жетіп, жайбарақат жұмыс істеп жүрген. Яғни, жатын орын мен жалақысы жақсы болыпты. Бірақ, өткен жылдың күзінде көші-қон полициясының қолына түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары