$ 498.34  519.72  4.85

«Пайдалары 15 млрд теңгеден асқан»: Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Екінші деңгейлі банктерден, бақылаудағы фирмалардың шоттарынан 150 миллион теңге сомасында ақшалай қаражатты кедергісіз алып отырған.

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ 15 миллиард теңгені айналдырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері қылмыстық топтың заңсыз түрде жалған есеп-фактураларын шығарумен айналысқанын, негізінде ол жұмыстар мүлде істелмегенін және тауарлар жеткізілмегенін анықтады. Тергеу шаралары барысында осы іске қатысы бар бес адам ұсталды.

Тінту кезінде 19 мекенжай бойынша жүйелі блоктар және «1С Есепші» салынған қатқыл диск, 17 заңды тұлғаның ЭЦҚ кілті, жасырын бухгалтерия, 20 мөр және ұялы телефондар тәркіленген.

Қылмыстық топ мүшелері екінші деңгейлі банктерден, бақылаудағы фирмалардың шоттарынан 150 миллион теңге сомасында ақшалай қаражатты кедергісіз алып отырған.

«Бір күндік 17 жалған компаниялардың қылмыстық әрекеттен түскен жалпы қаржы айналымы 15 миллиард теңгеден асқан. Соның салдарынан, мемлекетке 3 миллиард теңгеден аса салық төлемеу түрінде залал келтірілген» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары