$ 494.87  520.65  4.91

Қосшы тұрғынының қайтыс болуына байланысты басқарма басшысы мен бас дәрігер жазаланды

Науқасқа суық тиюіне байланысты ем-дом жазып берген. Туыстарына түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Соның салдарынан, ол ауруханаға кеш жатқызылған.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Әлеуметтік желіде коронавирустан қайтыс болған әйелдің жедел жәрдемді үш рет шақырғанына қарамастан, ауруханаға жатқызылмағаны туралы ақпарат тарады. Осы жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Негізі бізге ресми түрде ешкім хат жазған жоқ. Тексеру нәтижесінде, медициналық қызметкерлер жағдай коронавирусқа байланысты болуы мүмкін екенін болжамағаны және жедел жәрдемді бірінші рет шақырған кезде науқас ауруханаға жатқызылмағаны анықталды.

Науқасқа суық тиюіне байланысты ем-дом жазып берген. Туыстарына түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Соның салдарынан, ол ауруханаға кеш жатқызылған. Бұл жағдай адам өлімімен аяқталды. Тексеру барысында осындай кемшіліктер анықталып, жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері мен денсаулық сақтау басқармасының басшысына тәртіптік жаза қолданылды», - дейді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, техникалық себеппен тест нәтижесін беруге қатысты қателіктер болған.

«Сол күні зертханада жүктеме көп болған, сондықтан тестің соңғы нәтижесі сәл кешірек шыққан. Тест нәтижесі науқас қайтыс болғаннан кейін дайын болған. Бұл жағдайға қатысты мәселені талқылап, зертханалар тұрақты түрде жұмыс істеу жағын қарастырдық. Тек бір зертхананың өзінде ғана күніне мың тест жасалады. Бір құрылғыдан ең көп дегенде 30 тест өткізуге болады. Біз мұндай жағдай қайталанбас үшін бар күшімізді саламыз», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары