$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирусқа тап болуы мүмкін деген 47 адамды іздеудеміз» - Ерлан Тұрғымбаев

Министрдің айтуынша, қазір 31 тұрғын үй нысаны карантинге жабылған.
фото: inalmaty.kz
фото: inalmaty.kz

Қазақстандық полицейлер коронавирус жұқтыруы мүмкін деген 3800 адамды тапқан. Енді 47 адамды іздестіруде Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Министр тәртіп сақшылары мен әскерилер төтенше жағдай орнатылған бірінші күннен бастап дәрігерлермен бірге елдің қауіпсіздігін күзетіп жүргендерін алға тартты.

«Коронавирусқа тап болуы мүмкін деген адамдарды іздеп тауып, медициналық мекемелерге жеткізу үшін тиісті шаралар атқарылуда. Денсаулық сақтау органдарының тапсырысымен 3800 адам табылды. Тағы 47 адамды іздеудеміз», - дейді Тұрғымбаев.

Бұған қоса ол ішкі істер органдарының қызметкерлері ауру табылған ошақтарды қоршауға алуға қатысып жатқандығын атап өтті. Айтуынша, қазіргі таңда 31 тұрғын үй нысаны карантинге жабылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары