$ 444.22  476.38  4.82

Көпқабатты үйдің ауласында той жасаған ақтаулық азамат 10 тәулікке қамалды

Жалпы, ақтаулық полицейлер 16 наурыздан бері түн ортасына дейін жұмыс істеген 20-ға тарта көңіл көтеру орнын анықтаған.

Ақтау қаласында көпқабатты үйдің ауласында той жасаған азамат 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Ол 28 наурыз күні отбасылық мерекені 3-шағын аудандағы баспанасы алдында атап өткен. Сөйтіп, төтенше жағдай тәртібін бұзған азамат жауапқа тартылды.

Жалпы, ақтаулық полицейлер 16 наурыздан бері түн ортасына дейін жұмыс істеген 20-ға тарта көңіл көтеру орнын анықтаған. Олардың иелеріне айыппұл салынып, кейбірі қамауға алынып отыр.

«16 әртүрлі көңіл көтеру орындары мен мейрамханаларға қатысты хаттама жинақталса, қазіргі таңда соның 10-ы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына алынды.

Атап айтатын болсақ, бесеуі әкімшілік қамаққа алынды. Ал бесеуіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Оның ішінде үшеуі бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», - дейді қалалық ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Еркін Елеусізов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #Ақтау