$ 449.58  486.94  4.86

Өскемендік шенеуніктер спорттық нысан құрылысынан 380 миллион теңге жымқырған

Тексере келе, спорттық нысанның сыртқы қасбеті мен ішіндегі бөлу жұмыстары мүлде аяқсыз қалғаны анықталды.

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шенеуніктер Риддер қаласындағы Олимпиада ізбасарларына арналған республикалық мектеп-интернаттың құрылысын салып жатқан мердігердің есепшотына алдын ала 380 миллион теңгені аударып жіберген.

Тексере келе, спорттық нысанның сыртқы қасбеті мен ішіндегі бөлу жұмыстары мүлде аяқсыз қалғаны анықталды. Қазір осы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ұсталғандардың біреуіне қатысты сот 2 ай мерзімге қамауға алу жөнінде сот бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары