$ 447.4  477.55  4.76

ҰҚК атыраулық кәсіпкерлерді бопсалап жүрген деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады

Олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс жасаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген арнайы операция нәтижесінде, спортшылар мен деструктивті діни ағым өкілдерінен тұратын қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, QazPulse-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды «өндіруге» және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бары анықталған.

Нәтижесінде, топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды. Олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс жасаған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту барысында үш дана әртүрлі қару мен оқ-дәрілер табылды.

«Ұсталған үш адам бұлтартпау шарасымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды», - делінген бүгінгі хабарламада.

Қазір жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары