$ 439.43  473.31  4.82

Президент лотереялар туралы заңға өзгерістер енгізді

Ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді.

ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін,  ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова:  "Ал бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 700 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді", – деп Сенат отырысында айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары