$ 494.87  520.65  4.91

Қарапайым тұрғын банктердің біріне 111 млн доллар қарыз боп шықты

Ал тұрғын өзінің 111 млн доллар яғни 45 миллиард теңге қарызы барын білмеген.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Банк Алматы тұрғынынан осы уақытқа дейін алған несиелері үшін 45 миллиард теңге яғни 111 млн доллар есебінде қаражат талап етті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Зебихон Кадирова есімді келіншектің барлық есепшоттарына шектеу қойылған. Бір қызығы, дәл мұншалықты деңгейдегі «қарызы» арқалап жүргенін білмеген. «Бұл не қателік, не сот жүйесінің бұзылуы. Мен барлық билік органдарына хат жаздым. Мен анамын, бес жасар баланы тәрбиелеп отырмын. Ипотекаға алынған пәтерім бар. Олар барлық шоттарымды жауап тастады, мен тіпті ипотеканы төлей алмай отырмын», - дейді Зебихон Кадирова. 

Кейіннен белгілі болғаны, ол Осыдан 10 жыл бұрын ол бір фирмада адвокаттың көмекшісі болып жұмыс істеген екен. Сол кезде оны біреулер сыртынан фирманың банкпен несие беру туралы келісімінің қатысушысы қылып жіберген. Ал одан Зебихон мүлдем хабарсыз болған.

«Ол шетелде болғандықтан, ол бұл келісімге қол қоймады. Іс жүзінде ол бұл келісімге қатыспады. Біреу оның паспорттық мәліметтерін алып, қолданған"», - деп түсіндірді адвокат Талғат Мылтықбаев. 

Апелляцияның жалғыз жолы - Жоғарғы Сотқа жүгіну. Алайда, бұл оңай іс емес. Әйел талап сомасының бір пайызы ретінде 450 миллион теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуі керек екен. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары