$ 443.85  474.3  4.8

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын босатылды

Ол 2006 жылы ақпанда мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Cәрсенбайұлы мен оның серіктеріне қастандық жасалған соң отставкаға кеткен-ді.
фото: caravan.kz
фото: caravan.kz

Бүгін бірқатар ақпарат көздері «ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев түрмеден шықты» деген қасаң хабар таратты. Nege.kz тілшісі ақапараттың анық-қанығына көз жеткізді.

Дүтбаевты мерзімінен бұрын босату туралы сот шешімі 2 маусым күні шыққан. Алайда, белгілі-белгісіз себептермен бұл дерек енді ғана жария болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев 2006 жылы ақпанда мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Cәрсенбайұлы мен оның серіктеріне қастандық жасалған соң отставкаға кеткен-ді.

2006-2008 жылдары Н. Дүтбаев ҰҚК академиясын басқарды. 2008 жылы Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Жарты жылдан соң кеңесшіліктен босап, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясының вице-президенті болып тағайындалған. Бұл қызметте де бір жылға жетер-жетпес уақыт қана отырды.

2016 жылдың соңында «мемлекеттік құпияны жария етті», «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен ұсталып, 2018 жылы 12 жылға сотталды. Алайда, бұл жаза мерзімі кейін жеті жарым жылға қысқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары