Заң 17.07.2020 сағат 20:15

Алматыда 1991 жылғы азамат жасырын казино ұйымдастырып, 30 млн теңге пайда тапқан

Тергеу аясында қала тұрғынының Грузия елінің тумасы екендігі, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар екені белгілі болды.
Алматыда 1991 жылғы азамат жасырын казино ұйымдастырып, 30 млн теңге пайда тапқан
фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 1991 жылы туған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Заңсыз ойынхананы қызметкерлер жедел-тергеу шарасы барысында кала шетінен анықтады. Тергеу аясында қала тұрғынының Грузия елінің тумасы екендігі, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар екені белгілі болды.

Ол аса ірі көлемде, 29,6 миллион теңгеден астам сомада табыс әкелген астыртын бизнес – электронды казино жұмысын жүргізіп келген. Үй-жайды тексеру барысында департамент қызметкерлері 7 ойын терминалын, тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, атап айтқанда, ставка қабылдауға, ұтысты есептеу мен беруге қолдау көрсететін онлайн ойынның 39 компьютерлік техника қосымшаларын тәркіледі.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлімі, 2-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар