$ 494.87  520.65  4.91

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған қызметкер алаяқтықпен 80 млн теңге иемденген

ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері болып танысқан алаяқ бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде танысып, республика аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған азамат А-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол мемлекеттік басқару саласындағы мәселелерді оң шешу үшін азаматтардың 80 миллион теңге сомасындағы қаражатын алдау арқылы иемденуде күдікке ілінді.

ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары