$ 447.4  477.55  4.76

Қарағандыда мемлекет қаржысын жымқырған мердігер тергеуге алынды

Қазір бұл істі облыс прокуратурасы тексеріп жатыр.

Қарағандыда мемлекет қаржысын жымқырған мердігер компанияның директоры қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп қабатты үй 2018 жылы ел игілігіне берілуі тиіс еді. Алайда, қоныстой болған жоқ, кезегін күткен жүздеген адам сан соғып қалды. Құрылыс компаниясының басшысы 107 миллион теңгені қолды қылған.

Оның үстіне жалған құжат жасапты. Тендерді жеңбей тұрып, бюджеттен қомақты аванс алып отырған. Қазір бұл істі облыс прокуратурасы тексеріп жатыр.

«ДСТ Казахстан» ЖШС-нің директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кәсіпорын басшысы 2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен Қарағанды қаласында көп пәтерлі тұрғын үй салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеліп отыр. Соттың санкциясымен ол екі айға қамауға алынды», - дейді облыстық прокуратурасының ресми өкілі Нұрсұлтан Қалдырбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары