$ 494.87  520.65  4.91

ӘМСҚ мекемелерге 6 ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған кемшіліктер осы күнгі көрсеткіштерден үш есеге аз.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне байланысты 460 мыңнан астам кемшілік анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Медициналық ұйымдарға салынған айыппұлдар мөлшері 4,6 миллиард теңгеден астам қаржыны құрады», – делінген хабарламада. Ал 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған кемшіліктер осы күнгі көрсеткіштерден үш есеге аз. Соған сәйкес, айыппұлдар көлемі де 2,7 миллиард теңге болған.

Медициналық тегін көмек мемлекет кепілдендірген көлем шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру пакеті аясында қор тарапынан үнемі қадағаланып тұрады.

«Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға қызметтерді тек бекітілген стандарттарға сай көрсететін медициналық көмектің сапасына сәйкестігін тексергеннен кейін ғана төлейді. Сонымен бірге, сапа мониторингі ақпараттық жүйелерді қашықтан қолданумен жүзеге асырылады. Осылайша, көрсетілген «адам факторын» барынша азайтады», – деп атап көрсетілген.

Қазір медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден бастап стационардағы емделуге дейінгі бақылауды қоса алғанда, процестерді автоматтандыруды жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары