$ 498.34  519.72  4.85

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды

«14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу барысында өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетсек, 12 шілдеде «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы болып Ерхат Есқалиев тағайындалды. Оған дейін компанияны Берік Шәріп басқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары