$ 498.34  519.72  4.85

2,6 миллион теңге: СҚО әкімдігінің басқарма басшысы парамен ұсталды (ВИДЕО)

Ресми мәліметке сәйкес, басқарма басшысымен бірге оның орынбасары да тергеуге алынған.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, басқарма басшысымен бірге оның орынбасары да тергеуге алынған. Олар алдын ала сөз байласып, мердігерлік ұйым директорынан іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 миллион 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

«Лауазымды тұлғалар қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған мән-жайлар тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - дейді тергеушілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін пара алды деген күдікпен ұсталған Қорғаныс министрлігінің білдей генералы Қайрат Көпбаевқа қатысты сот процесі өткен болатын.

Сондай-ақ, жақында Шымкенттің сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы 500 миллион теңгеден астам қаражат жымқыру бойынша күдікке ілінген. Тергеудің болжамынша, маусым айында ұсталған шенеунік мегаполистің топографиялық картасын құруға бөлінген қаражатты қолды қылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның ақпарынша, қаланың бұрынғы бас сәулетшісі мердігермен келісіп, мемлекеттік сатып алудан ақша үнемдеп, 500 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

Ал кеше кәсіпкерден 10 миллион теңге алып тұрған жерінен Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары мен оның сенімді серігі Алматыда құрықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары