$ 494.87  520.65  4.91

Айыппұл төлеуден жалықпайтын екібастұздық әйел пәтерінде ішімдік сатуды қоймапты

Бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жалғастырған отбасына қатысты іс бойынша материалдар әйелді жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілген.

21 тамызда полиция қызметкерлері аталған пәтердің 39 жастағы иесіне келген тұрғынға 200 теңгеге 100 грамм этил спиртін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласы пабликтерінің бірінде Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі пәтерде бір отбасының спирттік ішімдіктерді заңсыз қолданғаны туралы шағым жарияланды.

«Бұл отбасыға 2019 жылғы 9 қазанда ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша «Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша сот 24 мың теңгеден астам айыппұл тағайындады.

Алайда, олар бір айдан кейін қайтадан заңсыз кәсіппен айналысуды жалғастырды және ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы («Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру») бойынша жазаға тартылды.

Шілде айында заңсыз өнім сатушыларға қатысты тағы да шағым түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша жауапқа тартылғаннан кейін олар қайтадан 28 мың теңге мөлшерінде айыппұл төледі. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес 42 мың теңге айыппұл салынды», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жалғастырған отбасына қатысты іс бойынша материалдар әйелді жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары