$ 494.87  520.65  4.91

Елордадағы айналма жолдың бойында мал жайғандар жазаға тартылды

12 ірі қара мал қараусыз күйінде Железнодорожный ауданы аумағындағы жолдың бойында жайылған.

Елордада экологиялық полицейлер айналма жолдың бойында жайылып жүрген ірі қара малдың иелерін жазаға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 ірі қара мал қараусыз күйінде Железнодорожный ауданы аумағындағы жолдың бойында жайылған. Іздестіру шаралары барысында мал иелерінің жақын маңдағы Шұбар ауылында тұратындығы анықталды.

Белгілі болғандай, ірі қара мал екі адамға тиесілі болып шықты. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мал иелеріне профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары